Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Найзағай, жаңбыр, ауа райы болжамы, 14 қыркүйек, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 15:52Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 14 қыркүйегіне арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" болжамы бойынша, дүйсенбіде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және батыс өңірлерінің шеткі аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстікте нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі.
Еліміздің қалған аумағында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі, түнде және таңертең кей жерлерде тұманның болуы жатқызылады.
Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:
  • жоғары өрт қаупі: Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында.
  • төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.
13 қыркүйек 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930