Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және шеткі батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік облыстарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Сондай-ақ ел бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Өрт қаупі бар өңірлер бойынша жасалған ескертуге сәйкес, алдағы уақытта еліміздің бірқатар өңірінде күрделі ахуал күтілуде. Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау өңірлерінің жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, сонымен бірге Қарағанды, Абай, Жетісу, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарының біршама өңірінде төтенше өрт қаупі сақталатыны болжануда.



13 қыркүйек 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930