Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Қара тізім“ және шоттарды бұғаттау: Қазақстанда борышкерлерге қандай қауіп бар?

“Қара тізім“ және шоттарды бұғаттау: Қазақстанда борышкерлерге қандай қауіп бар?

Фото: depositphotos.com
Берешегін ұзақ уақыт бойы өтемей жүрген адамға не болуы мүмкін? Борышкерлерге қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін әкімшілік практика аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушысы Дәурен Оңласын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарызды төлемеген жағдайда не болады?
Егер адам борышы бойынша талаптарды ұзақ уақыт орындамаса, сот орындаушысы оның шоттарын бұғаттап, олар бойынша операцияларды"қара тізімге" енгізе алады. Сондай-ақ қолданылатын құралдардың қатарында мүлікке шектеу қою шарасы бар.
Мәселен, борышкердің қарызы болып, бірақ оны төлейтін ақшасы болмаса, мүлігі тәркіленіп, аукцион арқылы сатылуы мүмкін. Түскен қаражат қарызды өтеуге жұмсалады.

Бұдан бөлек, сот актілерін орындамағаны үшін борышкер жауапқа тартылуы мүмкін. Қарызды ұзақ уақыт төлемеген жағдайда тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған, дейді Дәурен Оңласын.
Алимент төлемегені үшін қандай жаза қолданылады?
Егер алимент бойынша берешек екі айдан аса уақыт өтелмесе, сот әкімшілік жаза қолдануы мүмкін: айыппұл, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту.
"Егер берешек алты ай бойы өтелмесе, белгілі бір жағдайларда қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін", – дейді аға сот орындаушысы.
Қарызды өтеуге ақша болмаса не істеу керек?
Егер адамның берешекті бірден өтеуге ешқандай мүмкіндігі, сондай-ақ мүлкі де болмаса, бұл оны талаптарды орындаудан босатпайды.
Сот орындаушылары борышкерге жұмысқа орналасуға көмектесе алады. Егер адам ресми түрде жұмыс істесе, берешекті өндіріп алу туралы қаулы жұмыс орнына жіберіледі.
Алиментті жалақыдан өндіріп алу кезінде табыстың 50 пайызы төлемдерге бағытталады: 25 пайызы – ағымдағы алиментке, тағы 25 пайызы – берешекті өтеуге. Қалған 50 пайызы борышкердің өзінде қалады.
Еске салайық: 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді балаларды асырауға арналған ақша арнайы банк шотына аударылуы тиіс. Алушы мұндай шот ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына тапсыруы қажет.
Арнайы алимент шотындағы қаражат бұғаттаудан қорғалған. Сонымен қатар мұндай шоттың болмауы борышкерді алимент төлеу міндетінен босатпайды, ал пайда болған берешек есептен шығарылмайды.

10 қыркүйек 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930