Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.10 қыркүйекте Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Семей, Атырау, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









