Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “ЭЦҚ кілтін ұзартыңыз“. Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы ескертілді

“ЭЦҚ кілтін ұзартыңыз“. Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы ескертілді

depositphotos.com
Кибер-алаяқтар жаңа "тәсілді" қолдана отырып, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына шабуыл жасай бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ сілтеме жасап.
Тұрғындарға ХҚКО немесе eGov қызметкері ретінде хабарласатындар ЭЦҚ кілтін ұзарту қажеттігін айтып, келісім беру үшін телефоннан 1 санын, ал бас тарту үшін 3 санын басуды ұсынады.

Осыдан кейін аталған ұйымдардың "нағыз" қызметкері ретінде келесі қоңырау түседі. Олар басылған санның кесірінен жеке кабинеттің бұзылғанын және жәбірленушінің атына несие рәсімделгенін хабарлайды.
Одан қорғану үшін алаяқтар қайта несие рәсімдеп, ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады. Іс жүзінде бұл шоттар қаскөйлердің бақылауында болады.
Кейінгі күндері қылмыскерлер осындай 20-ға жуық қоңырау шалған – бұл тек азаматтардың 102 нөміріне хабарлаған деректері. Жаңа схема бойынша бір қылмыс тіркелді: облыс аудандарының бірінде тұратын 44 жастағы ер адам алаяқтарға сеніп, төрт миллион теңгесінен айырылған.
Қазіргі уақытта басқа ұқсас фактілер тіркелген жоқ. Полицейлердің түсіндіру жұмыстарының арқасында көптеген тұрғын мұндай айла-тәсілдерді бірден таниды.
Соған қарамастан, тәртіп сақшылары бұл қауіп туралы жақындарына, әсіресе қарт адамдарға айтып отыруды сұрайды. Маңызды ескерту: ХҚКО және eGov қызметкерлерінің банктік құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жоқ. Мұндай қоңыраулардың барлығы алаяқтық саналады.
10 қыркүйек 2026 ж. 5 0

Биржада доллар бағасы өсті

09 қыркүйек 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930