Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды

Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды

LABA (Library and Book Analytics) аналитикалық платформасы кітапхана саласының барлық статистикасы мен деректерін бір жерге жинақтаған.
©BAQ.KZ коллажы
Фото:BAQ.KZ коллажы

Елімізде кітапхана ісіндегі статистика мен деректерді жүйелейтін алғашқы LABA (Library and Book Analytics) аналитикалық медиаплатформасы таныстырылды. Жаңа жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Платформа отандық кітапхана саласының бүкіл тыныс-тіршілігін бір жерге жинақтады. Онда келесі негізгі көрсеткіштер көрсетілген:
  • Кітапханалар желісі мен кадрлық әлеует;
  • Оқырмандар мен келушілер саны;
  • Кітап қоры және берілген әдебиеттер көрсеткіші;
  • Цифрлық ресурстардың қолжетімділігі.
Барлық мәліметтер құрғақ цифр күйінде емес, диаграммалар, рейтингтер, интерактивті кестелер және өңіраралық салыстырмалы талдаулар түрінде берілген. Бұл саланың даму динамикасын нақты көруге және әр өңірдің көрсеткішін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
LABA платформасын әзірлеуге «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» атты ғылыми-сараптамалық шолу негіз болған. Жоба авторлары жаңа статистикалық есептер шыққан сайын платформадағы деректердің жедел жаңартылып отыратынын атап өтті.
Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жұмыс істейтін жүйе мобильді құрылғыларға да толық бейімделген. Бұл бастаманың авторы – ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан.

09 қыркүйек 2026 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031