Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер мен ерлер вагоны: Мамандар билет сатудың жаңа жүйесіне қарсы шықты

Әйелдер мен ерлер вагоны: Мамандар билет сатудың жаңа жүйесіне қарсы шықты

әйелдер вагон пойыз
Фото: magnific.com

Елімізде жолаушылар пойызындағы купеге әйелдер мен ерлер бөлек отырғызылуы мүмкін. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы билет сатудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлаған. Қазір мамандар арнайы жобаны дайындап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соңғы уақытта пойызда қыздарға қырындап, ерсі қылық көрсететін ер адамдар көбейген. Бейәдеп әрекет жасап, балағат сөз айтқан кінәлі адамдар жазаланып жатыр. Алайда әйелдер қауымының көбі бұл шара жеткіліксіз дейді.
Желі қолданушылардың бірі Түркиядағы билет сату жүйесін Қазақстанға енгізуді ұсынған. Яғни, Анадолы елінде купеге билетті бірінші кім алса, қалған орындар тек соның жынысына сай сатылады.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы бұл жүйенің бұрыннан жоспарда бар екенін жеткізді. Бірақ бұл бүгін-ертең енгізіле салатын ереже емес. Ол үшін ұзақ уақыт зерттеу мен мамандардың нақты шешімі керек дейді. Ал елімізде тек әйелдерге арналған вагондар бар. Жоба 2021 жылы енгізіліп, ондаған бағыттағы пойызда жүзеге асырылып келеді. Алайда заңгерлер вагон мен купені бұлай жаппай жынысқа бөлу дұрыс емес деп санайды.
“Вагонды әйелдердікі, ерлердікі деп бөлудің салдары басқа да жағдайға жеткізуі мүмкін. Бұл қоғамды екіге бөледі. Ал оның соңы қалай болатынын білмейміз. Ертең біреулер автобусты, трамвайды, тіпті көшені, үйлерді солай бөлуді талап етсе қайтеміз”, – дейді заңгер Алексец Божков.
Мамандардың айтуынша, мәселені шектеумен емес, бақылаумен шешу керек. Яғни, пойыз ішіндегі қауіпсіздікті күшейтіп, бейнебақылау камералары мен тәртіп сақшыларының санын арттыру әлдеқайда тиімді деп санайды олар.

09 қыркүйек 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930