Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды

Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған жобалар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен ел игілігіне айналуда.
Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Аймақ басшысы алдымен Тасбөгет кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. «УАД» серіктестігі жүзеге асырған жобаға 5,1 млрд теңгеқаралған, 4,4 шақырым көше жөнделіп, Есенов және Амангелді көшелері төрт жолақты етіпкеңейтілуде. Барлығы талапқа сай, жаяу жүргіншілер жолы салынып, су келетін лотоктар орнатылып жатыр. Жаңа асфальт-бетон төселіп, заманауи жарықтандыру жүйесі іске қосылады.
«Бәйтерек» шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын маңызды инфрақұрылым нысаны – оңтүстік магистральды каналы арқылы өтетін жаңа көпір. Көпір құрылысы толық аяқталған, ұзындығы – 53 метр, ені – 7 метр, екі жолақты. Толық жарықтандырылған, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалған.Құрылысты «Асанас-Дар» серіктестігі жүргізді.
Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Жол активтері сапасы ұлттық орталығының жылжымалы зертханасы көпірдің беріктігі мен сапасын арнайы бақылаудан өткізді. Жаңа көпір «Бәйтерек» шағын ауданына қоныстанған тұрғындарға, қауіпсіз көлік қатынасына өте ыңғайлы.
Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Сағымбаев көшесін Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейін қайта жаңғырту жұмыстарын көріп шыққан аймақ басшысы 2,174 шақырымның төрт жолақты болып кеңейтілуі көлік ағынын тиімді өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Көлік көп шоғырланатынқарбалас уақыттағы қозғалыстың қарқынын реттеп, кептелісті азайту үшін қолға алынған жоба аясындажаяу жүргіншілер жолы салынып, заманауи жарықтандыру бағаналары орнатылды. «Қыран» серіктестігі құрылысына 1 млрд 592 млн теңгеқаралған қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жобаны жүзеге асырды.
Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Айта кетейік, 2022-2026 жылдары облыста 1700 шақырым автомобиль жолы мен 35 көпір өткелін салу және күрделі жөндеуге шамамен 185,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайыздан 95 пайызға дейін артты.
Кеңейтілген көше мен жаңа көпір ел игілігіне айналды
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930