Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді зейнетақы жинағын толықтай жеке басқарушы компанияларға аударуға алады

Енді зейнетақы жинағын толықтай жеке басқарушы компанияларға аударуға алады

Бұған дейін азаматтар зейнетақы қорындағы жинағының жартысын ғана сенімгерлік басқаруға бере алатын.  
Фото: Depositphotos.com
7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға аудара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БЖЗҚ хабарлауынша, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.
"Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы "Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі" бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады", – делінген хабарламада.
Осылайша салымшылар компаниялардың көрсеткіштерін зерделеп, өз қалауы бойынша капиталын ұзақ мерзімді перспективада көбейте алады. Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компания айқындалған.
07 қыркүйек 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930