Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай жағдайда ашық ауада, әсіресе көлік қозғалысы көп жолдар мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.comБүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Болжам бойынша, қолайсыз метеожағдай Павлодар мен Алматыда, ал түнгі уақытта Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау және Астанада қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман мен температуралық инверсия сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Мамандар мұндай жағдайда ашық ауада, әсіресе көлік қозғалысы көп жолдар мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Сондай-ақ даладағы қарқынды дене белсенділігін шектеген жөн.









