Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ел қоржынында 32 алтын медаль бар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ел қоржынында 32 алтын медаль бар

Бүгін спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша жүлделерге таласты
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ел қоржынында 32 алтын медаль бар
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы ел қоржынына кезекті жүлделерін салып, алтын медаль санын 32-ге жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша жүлделерге таласты.
Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті. Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
Мангала жарысында да ел спортшылары сәтті өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны — овариден де қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалмады.
Көкбөріден өткен финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара сынға түсті. Қырғызстанда кеңінен дамыған және елдің дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің бірі саналатын көкбөріден қырғыз құрамасы шешуші ойында басым түсіп, алтын медаль иеленді. Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіндегі алтын медаль саны 32-ге жетті.



06 қыркүйек 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930