Қазақстан қыздар құрамасы овари ойынынан 1 алтын 1 қола жүлде жеңіп алды
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform
Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден 2 медаль жеңіп алды.
Жекелей сында, 10 дүркін әлем чемпионы Әсел Далиева топ жарса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлдеге ие болды. Ал қырғыз спортшысы күміс медаль еншіледі.
Ерлер арасындағы жекелей сында Нигериялық Джонсон Арамид Адеойе көш бастап тұр.
Айта кетейік, Овари ойынына 35 елден 90 спортшы бағын сынап жатыр. Команда құрамы 2 ер, 2 әйел, 1 бапкерден құралады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жарысты дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясы «Овари» халықаралық федерациясымен бірлесіп өткізеді.
Қазақстан құрамасы сапында Серік Ақтаев, Ернұр Мерешев, Әсел Далиева және Аңсаған Қожанәсіп ел намысын қорғап жатыр.