Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ЖИ көмегімен жасалған алғашқы дәріні мақұлдады

Қытай ЖИ көмегімен жасалған алғашқы дәріні мақұлдады

Кескін Gemini нейрожелісінің көмегімен жасалған
Қытайдың Медициналық өнімдер жөніндегі ұлттық басқармасы (NMPA) жасанды интеллект көмегімен жасалған инновациялық препаратты алғаш рет мақұлдады. Mprosevir деп аталатын дәрі COVID-19-ды емдеуге арналған, - деп хабарлайды Tengri Health Global Times-қа сілтеме жасап.
Препаратты жасап шығаруға небәрі 3,5 жыл кеткен. Бұл уақытта ғалымдар перспективалы молекуланы іздеуден бастап, клиникалық сынақтарды сәтті аяқтауға дейінгі барлық кезеңнен өткен. Ал мұндай деңгейдегі дәріні дәстүрлі тәсілмен жасау әдетте 10–15 жылға созылады.
Дәріні жасау барысында ғалымдар жасанды интеллект көмегімен 49 миллиард молекулалық қосылыстан тұратын деректер қорын саралап, санаулы күннің ішінде ең тиімділерін іріктеп алған.
"Әзірлеушілердің айтуынша, Mprosevir жобасы жасанды интеллектіні фармацевтикада қолдану бүгінде өте тиімді екенін көрсетті. Екі жыл бойы мамандар молекуланы жетілдіріп, оның қасиеттерін жақсартты, уыттылығын төмендетті. Зерттеу жасушалардағы сынақтардан және тышқандарға жасалған тәжірибелерден бастап, адамдар қатысқан толыққанды клиникалық зерттеулерге дейін жетті. Осы кезеңнің барлығында жасанды интеллект маңызды рөл атқарды", - делінген жарияланымда.
Қытайда 1-санатқа ел ішінде де, шетелде де бұған дейін нарыққа шығарылмаған, толықтай жаңа инновациялық дәрілер жатады. Жаңа препарат ересектердегі жеңіл және орташа деңгейдегі COVID-19-ды емдеуге арналған.
06 қыркүйек 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930