Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс

Енді Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс

Фото: freepik.com

Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы” заңның нормалары ресми күшіне енді. Енді жасанды зият көмегімен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті норма жасанды интеллект туралы заңда көзделген. Заңға былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Аталған Заңның 21-бабына сәйкес, фото-видео, аудио немесе мәтін болсын егер ол жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген болса, пайдаланушы бұл туралы анық әрі түсінікті түрде ескертуі тиіс. Енді жаңа заңға сәйкес:
Контентті таңбаламау жасанды интеллект саласындағы реттеудің негізгі қағидаттарына – ашықтық пен жауапкершілікке қайшы келеді;
Жасанды интеллектіні пайдалану адамдарды адастыруға немесе шындықты қабылдауды бұрмалауға жол бермеуі тиіс;
Адамның әл-ауқаты мен еркін шешім қабылдау құқығына басымдық беріледі.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, жасанды интеллектпен жасалған контент таңбаланбасы, ол адамдарды адастыруы мүмкін. Сондықтан Бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен платформалар Жасанды интеллект қолданғанын ашық көрсетуі керек.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды жасанды интеллект жылы деп жариялағаны туралы жазған едік.
16 қаңтар 2026 ж. 218 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031