Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
“Қазгидромет” 5 қыркүйекте Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың мәліметінше, 5 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Ал түнде Атырау, Қостанай, Өскемен және Семей қалаларында дәл осы жағдай тіркеледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – ауадағы зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай кезде тұрғындарға далада ұзақ уақыт болмау, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде жүруді шектеу ұсынылады.
Ал өкпе және жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, аллергиясы бар адамдарға сыртқа шыққанда өзіне қажет дәрі-дәрмектерін алып жүруге кеңес беріледі.
05 қыркүйек 2026 ж. 47 0

Тұғыры биік туған тіл

05 қыркүйек 2026 ж. 49

Сыр бойындағы маңызды сапар

05 қыркүйек 2026 ж. 51

Әке беделі биігінде ме?

05 қыркүйек 2026 ж. 49

Мәдениеттің қамалы берік

05 қыркүйек 2026 ж. 49

Жанашыр дәрігерлер

05 қыркүйек 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930