Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды: Мамандар өңір тұрғындарына кеңес берді

Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды: Мамандар өңір тұрғындарына кеңес берді

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
22 тамызда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, Астана және Атырауда ауа сапасы нашарлайды. Тұрғындарға сыртқа шығар кезде ауа райы факторларын ескеруге кеңес берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауа райының қысқа мерзімді факторларының (желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия) қатар елуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Ауадағы ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы жатады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде:
ашық ауада, әсіресе автожолдар маңында немесе ластану көздеріне жақын жерлерде жүру уақытын қысқарту ұсынылады;
Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуеннен бас тартқан жөн;
өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртта жүрген кезде қажет дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;сыртта жүргенде физикалық жүктемені шектеу қажет. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер қазан мен қарашада ауа райы әдеттегіден жылы болады деп болжағанын жазған едік.
22 тамыз 2026 ж. 34 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 51

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31