Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын тоқтатты

ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын тоқтатты

Фото: polisia.kz
ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ақтөбе облысында осындай заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. - Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінің фармацевті өзінің заңды қызмет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемдегі партияларын Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді. ІІМ күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.
02 қыркүйек 2026 ж. 42 0

Алда күн жылынады

02 қыркүйек 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930