Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кейінгі екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

Елімізде кейінгі екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

2024-2025 жылдары Қазақстанда 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке алынды. Оның 40-тан астамы қатты пайдалы қазбаларға тиесілі.
Фото:
Pexels
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы алғаш рет мемлекеттік есепке 35 кен орны енгізілген. Оның ішінде 23-і қатты пайдалы қазбалар, алтауы көмірсутек шикізаты және алтауы жерасты суларына қатысты.
2025 жылы тағы 19 жаңа кен орны есепке қойылды. Олардың 17-сі қатты пайдалы қазбаларға, біреуі көмірсутек шикізатына және біреуі жерасты суларына тиесілі.
Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар пайдалы қазба түрлері бойынша ресурстар мен қор көлемі артқан.
Атап айтқанда:
алтын — 157 210,6 келі;
күміс — 9 432 тонна;
мыс — 122,7 мың тонна;
хром кені — 927 мың тонна;
мырыш — 171,9 мың тонна;
қорғасын — 114,8 мың тонна;
темір кені — 262,2 млн тонна;
марганец — 11,052 мың тонна;
фосфор кені — 1,338 млн тонна;
мұнай — 199 мың тонна;
газ — 22 млрд текше метр;
жерасты сулары — тәулігіне 104,148 мың текше метр.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік балансында пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлері бойынша шамамен 10 мың кен орны бар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізгенін хабарлағанбыз.
02 қыркүйек 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930