Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде алтын қаншадан саудаланып жатыр

Елде алтын қаншадан саудаланып жатыр

Қазақстанда алтын бағасы өсіп келеді. Ұлттық банктің 5 наурыздағы деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның құны 84 355,16 теңгеге жетті.
Фото:
Pexels
Ақпан айының соңында бағалы металдың құны 82 542,16 теңге болған. 
Бұған дейін хабарланғандай, әлемдік бағалардың өсуі аясында Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты.
2025 жылы Қазақстан 57 тонна алтын сатып алып, сатып алу көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орынды иеленді.
Сонымен қатар кейінгі алты жыл ішінде Қазақстан ірі алтын сатушы елдердің қатарына да енді. Осы кезеңдегі таза қысқару көлемі 44,4 тоннаны құрады. 2022-2024 жылдары Ұлттық банк резервтердің өтімділігін қолдау және әртараптандыру мақсатында 118,3 тонна алтын сатты. Ал 2025 жылы саясат өзгеріп, рекордтық бағалар мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында ел алтын қорын қайтадан көбейтуге кірісті.
Бұл кезеңде Қазақстаннан да көп алтын сатқан жалғыз ел –Филиппиндер – 64,8 тонна. Ірі сатушылар қатарында сондай-ақ Шри-Ланка – 19,1 тонна, Германия – 16,2 тонна, Моңғолия – 15,2 тонна және Тәжікстан – 11,9 тонна бар.
Еске сала кетейік, 2024 жылы алтын өндіру көлемі 72,1 тонна болды, ал 2025 жылы ол 71,2 тоннаны құрады.

05 наурыз 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031