Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Картоп пен көлік арзандады: өткен айдағы инфляция мәліметтері жарияланды

Картоп пен көлік арзандады: өткен айдағы инфляция мәліметтері жарияланды

Қазақстанда жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді
Картоп пен көлік арзандады: өткен айдағы инфляция мәліметтері жарияланды
Фото:
freepik.com
Қазақстанда 2026 жылғы тамызда жылдық инфляция 9,8%-ды құрады. Шілде айында бұл көрсеткіш 10,2% болған. Бұл ретте айлық инфляция 0,6% деңгейінде сақталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бір ай ішінде бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды. Картоп 12,3%-ға, тәтті бұрыш 11,9%-ға, қырыққабат 9,7%-ға, жүзім 8%-ға, пияз 7,7%-ға арзандады.
Сондай-ақ алма 5,1%-ға, сәбіз 5%-ға, лимон 4,7%-ға, қызылша 3,6%-ға, алмұрт 1,8%-ға және қияр 1,5%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір айда ең айтарлықтай арзандаған өнімдер қатарында қолданыста болған жеңіл автокөліктер бар. Олардың бағасы 5,3%-ға төмендеді. Планшеттер 5%-ға арзандаған. Медициналық маскалардың бағасы 2,9%-ға, медициналық термометрлер 1,9%-ға, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері 0,8%-ға төмендеді.
Жылдық мәнде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,4%-ға, азық-түлік тауарлары 9,5%-ға, ақылы қызметтер 8,9%-ға қымбаттаған.
2025 жылғы тамызбен салыстырғанда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы да төмендеген. Баклажан 46,8%-ға, қияр 39,9%-ға, қызанақ 13,6%-ға, алма 10,6%-ға арзандады.
Бұдан бөлек, сарымсақтың бағасы 7,2%-ға, мандарин 5,9%-ға, қырыққабат 5,2%-ға, банан 4,2%-ға және апельсин 2,6%-ға төмендеген.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір жыл ішінде ең көп арзандаған өнім – отандық өндірістегі жаңа автокөліктер. Олардың бағасы 16,9%-ға төмендеді. Электр бұрғылары мен бұрауыштар 8%-ға, кондиционерлер 7,6%-ға, медициналық бинттер 3,1%-ға арзандады.



01 қыркүйек 2026 ж. 85 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930