Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » eGov жаңа қызметін іске қосты: жақындарыңыз ауруханаға түскеніңізді бірден біледі

eGov жаңа қызметін іске қосты: жақындарыңыз ауруханаға түскеніңізді бірден біледі

eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильдік қосымшасында шұғыл емдеуге жатқызу туралы хабарлама жіберетін болады.
Фото: www.istockphoto.com
Енді ауруханаға шұғыл түскен жағдайда жақындарыңызға SMS арқылы хабар беретін жаңа сервис іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Егер адам жол апатына түсіп, кенеттен ауырып қалып немесе басқа да себеппен ауруханаға түссе, жақындары бұл туралы бірден біле алады. Ол үшін жүйеде алдын ала таңдалған жақын адамына автоматты түрде хабарлама барады. Бұл әсіресе адам өздігінен хабарласа алмайтын жағдайда өте қолайлы. Осы мақсатта eGov порталында «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметі іске қосылды.
Жаңа қызмет арқылы азаматтар шұғыл жағдайда хабар-ошар жіберілетін үш сенім білдірілген адамға дейін белгілей алады. Көрсетілетін байланыстағы тұлға 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы шарт.
Бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.
Сервисті eGov.kz порталы арқылы қосуға болады. Порталда авторизациядан өтіп, «емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметін таңдайсыз. Сенім білдірілген адамның ЖСН-ын енгізесіз.
Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісім берген соң, көрсетілген адамға SMS хабарлама келеді. Растау үшін жауап ретінде 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Шешім қабылдауға 5 сағатқа дейін уақыт беріледі.
Сенім білдірілген байланыс тіркеуді растағаннан кейін мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Өтінішті өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады. Тіркеудің мәртебесін eGov.kz-тегі «Жеке кабинетте» немесе eGov Mobile-дағы «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінен көруге болады.
01 қыркүйек 2026 ж. 70 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930