Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіз болашақ үшін

Қауіпсіз болашақ үшін

1 қыркүйек күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Б. Багисов №101 мектеп-лицейіне барды.
Білім күніне орай оқушылармен есірткінің таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Б. Багисов оқушыларға есірткі қолданудың кері салдары туралы айтып, күмәнді ұсыныстарға ермей, әрдайым саналы таңдау жасауға шақырды.
Қауіпсіз болашақ үшін
Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, білім алуға ұмтылу, спортпен айналысу және өзін-өзі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жастардың бүгінгі таңдауы олардың болашағына, сондай-ақ еліміздің келешегіне тікелей әсер ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қатысудың маңыздылығы түсіндірілді. Аталған бастама тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өз қаласы мен еліне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
Іс-шара соңында оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, биік жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жету жолында табыс тілектері білдірілді. Денсаулығы мықты, білімді және саналы ұрпақ – Қазақстанның жарқын болашағының негізі екені атап өтілді.
01 қыркүйек 2026 ж. 39 0

Қауіпсіз болашақ үшін

01 қыркүйек 2026 ж. 40

Әлеуеті артқан ауыл

01 қыркүйек 2026 ж. 56

Туған жердің тарландары

01 қыркүйек 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930