Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау құзыреті мемлекеттік органға беріледі

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау құзыреті мемлекеттік органға беріледі

Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қағидалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтан іріктеу тәртібін реттейтін нормаларды алып тастау ұсынылып отыр.
Бұл түзету тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, сапасы бақылауға жататын өнімдердің үлгілерін іріктеу өкілеттігін мемлекеттік органға беруге байланысты енгізілмек.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны қабылдау:
бірін-бірі қайталайтын құқықтық нормаларды жоюға;
мемлекеттік сараптама ұйымы мен мемлекеттік органның өкілеттіктерін нақты ажыратуға;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
31 тамыз 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31