Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жаңа тізімі бекітілді

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жаңа тізімі бекітілді

Фото: pixabay.com
25 мамырда денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жекелеген санаттары амбулаториялық жағдайда тегін немесе жеңілдікпен ала алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізімінің жаңа нұсқасын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылдың 5 тамызындағы "Белгілі бір аурулары бар Қазақстан азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және/немесе жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, тізім қайта қаралады.

Жаңа тізімге мыналар кіреді:

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін дәрілік заттар;
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін медициналық бұйымдар мен мамандандырылған терапиялық өнімдер;
Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар;
Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық бұйымдар;
Балаларға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар;
Балаларға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық құралдар.
Алматы облысында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрі өндірілмек: Жоба құны 32,5 миллиард теңге

Тізімге әртүрлі аурулары мен жағдайлары бар науқастарға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдар кіреді. Оларға мыналар жатады:

қан айналымы жүйесінің аурулары;
тыныс алу жолдарының аурулары;
тері және тері асты тіндерінің аурулары;
ас қорыту жүйесінің аурулары;
қан және қан түзуші органдардың аурулары;
эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану және зат алмасу бұзылыстары;
тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндердің аурулары;
жүйке жүйесінің аурулары және басқалары.
Бұйрықтың орындалуын денсаулық сақтау министрінің жетекші орынбасары бақылайды.

Құжат ресми жарияланғаннан кейін 2027 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың толық тізімін мына жерден табуға болады.
01 маусым 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930