Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Биыл балаларды қорғаймыз»: Қазақстандағы бүкіл мектепте 283 мың камера бар болып шықты

«Биыл балаларды қорғаймыз»: Қазақстандағы бүкіл мектепте 283 мың камера бар болып шықты

[media=]Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылының қарсаңында статистика ұсынды
Қазақстандағы 7656 орта мектептің ішінде 283 мыңнан астам камера орнатылған. Бұл туралы жаңа оқу жылының қарсаңында ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 
Баса айта кетерлігі, Ішкі істер министрлігі өз ішінде 2026 жылды «Балалардың қауіпсіздігіне арналған жыл» деп жариялаған көрінеді.
«Алдымыздағы басты міндет – қауіптің салдарымен емес, себебімен күресу, яғни, қауіптің алдын алу. Кәмелет жасына толмаған балалар үшін барынша қауіпсіз орта дайындау. Жаңа оқу жылының қарсаңында Ішкі істер министрлігі мектеп пен оның айналасын жан-жақты тексерді. Бүгінде Қазақстанда 7656 мектеп бар, оның ішінде 283 мың камера жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Осы 7656 мектептің басым бөлігі, яғни, 7159 мектеп өзі орналасқан аумақтағы полиция департаменттерінің жедел әрекет ету орталықтарына тікелей қосылған. Осылайша, ішкі істер министрлігі осы мектептердің іші мен айналасына қауіп төне қалса, бірден әрекет етпек.


31 тамыз 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31