Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 78,6 млрд долларға 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда 78,6 млрд долларға 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 17,8 трлн теңгеге 66 инвестициялық келісім жасалды.
Фото:
depositphotos.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында Қазақстанда жалпы құны $78,6 млрд болатын 215 инвестициялық жоба іске асырылуда. Үкімет жаңа инвестициялық циклде өңдеу өнеркәсібіне, терең өңдеуге, жоғары технологиялық өндірістерге және импортты алмастыратын өнімдерді локализациялауға басымдық беріп отыр.
Инвесторларды сүйемелдеу үшін үш деңгейлі жүйе құрылып, Fast Track тетігі мен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған. Келесі кезеңде Kazakh Invest базасында «бір терезе» қағидаты бойынша Kazakhstan Investment House жүйесін дамыту көзделген.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 17,8 трлн теңгеге 66 инвестициялық келісім жасалды. Оның ішінде 2026 жылдың басынан бері фармацевтика, энергетика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым және денсаулық сақтау салаларында шамамен 4,4 трлн теңгенің 25 келісімі бекітілді.
2019–2025 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,9 есе өсіп, 23,5 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар үш есе артып, 3 трлн теңгені құрады. Ал 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-қа жеткен.
Фармацевтика саласында төрт жаңа жобаға 173 млрд теңге инвестиция салынып, 356 атаудағы дәрілік зат өндірісін локализациялау жоспарланған. Агроөнеркәсіп кешенінде бидай, жүгері және дәнді-бұршақты дақылдарды терең өңдеуге бағытталған ірі жобалар қолға алынуда.
Сонымен қатар Екібастұзда бұлтты сервистер, есептеу қуаттары мен жасанды интеллект инфрақұрылымын біріктіретін «ДӨО алқабын» құру жоспарланып отыр. Жобаның күтілетін инвестиция көлемі шамамен $30 млрд, ал энергетикалық қуаты 300 МВт-тан 1 ГВт-қа дейін жетпек.
Үкіметтің жаңа инвестициялық саясаты капитал көлемін арттырумен қатар, инвестиция құрылымын өзгертуге, өндірісті локализациялауға және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруды кеңейтуге бағытталған.
31 тамыз 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31