Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері 30 тамыз пен 1 қыркүйек аралығына арналған үш мегаполистің ауа райы болжамын ұсынды
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 30 тамыз пен 1 қыркүйек аралығына арналған үш мегаполистің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Таяу күндері Астанада күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтілуде. Алматыда аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады, Шымкентте де температура біртіндеп төмендейді.
Елордада 30 тамызда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +14…+16°C болады. 31 тамызда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с соғады. Түнде +2…+4°C, топырақ бетінде 1°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз +12…+14°C болады. 1 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Батыстан соғатын жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.
Ал Алматыда 30 тамызда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын жел 3–8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C болады. 31 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C. 1 қыркүйекте де қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Шымкентте 30 тамызда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы болады. Солтүстік-батыстан жел 8–13 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. 31 тамызда жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C болады. 1 қыркүйекте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C болады.



30 тамыз 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31