Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады

«Балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу және жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау мақсатында Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында 7 млрд. теңгеге 360 орындық инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы биыл басталып, 2027 жылы пайдалануға беріледі».
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Бұл туралы облыс әкімі Мұрат Ергешбаев білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында айтты.
Бұған дейін мұндай орталық «Сыр жұлдыздары» деген атпен қаланың басқа шағын ауданында ашылып, жеткіншектердің бос уақытын өткізетін қосымша білім беру ұйымына айналған болатын. Енді Қызылорданың тағы бір шағын ауданында бой көтермек.
Қызылордада тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы салынады
Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен өңірде білім беру инфрақұрылымы жаңғыруда. 2022 жылдан бері 121 млрд. теңгеден астам қаржыға 46 заманауи білім беру нысаны салынып, ел игілігіне табысталды.
Аймақта көп жылдан бері өзекті болған үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді. Биыл «AI-Kerim» балалар білім беру-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Орталық жыл сайын 8 400 баланы қамтып, робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалау және басқа да заманауи дағдыларды үйретуде.
Жаңадан ашылған Ботаникалық білім беру орталығында оқушылар биология, экология және ботаника бағыттарын тәжірибе жүзінде меңгеруде. Балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруда осындай жобалардың маңызы ерекше.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
29 тамыз 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31