Құрылтай кімдерді тағайындай алады
Фото: АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай құзыреті мен жұмысына не кіретінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сөзінше, жұмысының басталуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі іргелі институционалдық өзгерістерге жол ашады. Себебі Құрылтай билік жүйесін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.
Құрылтайдың келісімімен тағайындалады:
Конституциялық сот судьялары,
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері,
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері.
Құрылтайға Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын, сондай-ақ, депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру құзыреті берілген.
Депутаттар президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлайды және қызметінен босата алады.
“Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджет туралы есептерін бекітеді, Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Бұдан бөлек депутаттар Үкіметке сенімсіздік білдіруге, Президентке Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметтен босату туралы ұсыныс білдіруге құқылы”, – деді президент.
Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, ел тағдырын айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді.
Осылайша, заң шығарушы органның ықпалын едәуір күшейтілді. Бұл – билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесі нығая түседі деген сөз. Мемлекеттік және қоғамдық институттарды жүйелі түрде жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
Еске салсақ, Қазақстанда заңнамалық бастама көтеретін жаңа орган пайда болатыны айтылды.











