Қазақстанның кей өңірлерінде күн күрт суытады
Фото: Pixabay.comСиноптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
28 тамыз, жұма күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Кей жерлерде жауын-шашын найзағай, екпінді жел және бұршақпен қатар түседі. Жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр жауады.
Елдің батысында Скандинавия антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, бұлтсыз болады. Күндіз ауа температурасы батыста +16...+24 °C-қа, солтүстікте +12...+20 °C-қа, орталықта +17...+25 °C-қа дейін төмендейді.
Ал шығыста, керісінше, ауа температурасы +23...+30 °C-қа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жылы ауа массасы сақталып, жауын-шашын болмайды. Мұнда ауа температурасы +30...+37 °C-қа дейін жетеді.











