11 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: PixabayСиноптиктер сенбіге жасалған ауа райы болжамын жариялады. Қар жауып, үсік жүреді, тұман түседі және жел соғады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 7-9 градус жылы болады.
Ақмола облысында солтүстікте және шығыста кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, батыста, солтүстікте, шығыста күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстік-шығыста 3 градус аяз болады, күндіз 4-9 градус, ал облыстың батысы мен оңтүстігінде 13 градусқа дейін жылынады.
Қостанай облысында шығыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте кей жерлерде аздаған жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3°С-тан +2°C-қа дейін құбылады, күндіз 0-5°С жылы болады. Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстікте және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5°С аяз, ал оңтүстікте 3°С жылы, күндіз 0-5°С жылы болады. Петропавлда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр, қар жауады. Шығыстан соғатын жел 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С суық, күндіз 2-4°С жылы.
Павлодар облысында күндіз солтүстікте жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5°C аяз, оңтүстікте 4°C жылы, күндіз 7-12, оңтүстікте 15°C дейін жылы болады. Павлодарда күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3° суық, күндіз 1-3° жылы.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5° жылы, шығыста 3° аяз, күндіз 12-17° жылы. Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, оңтүстікте 2 градус жылы, күндіз 2-7 градус жылы, оңтүстікте 10 градус жылы, шығыста 1 градус аяз болады. Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, оңтүстікте 1 градусқа дейін, күндіз 5-10 градус, оңтүстікте 13 градус жылы болады. Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Абай облысында күндіз батыста аздаған жаңбыр жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 20–25, батыста 15 градус жылы. Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Температура түнде 2–4 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 1–6 градус үсік, оңтүстігі мен шығысында 3 градус жылы, тауларда 8 градусқа дейін аяз болады. Күндіз 13–18, оңтүстік пен шығыста 22 градус жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, тау асуларында 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 7-12 градус жылы, солтүстікте және тауларда 4 градус жылы, күндіз 23-28 м/с, солтүстікте және тауларда 20 градус жылы болады. Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, кей жерлерде 1-3 градус аяз, күндіз 18-23 градус жылы, оңтүстікте 25 градус жылы. Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
Түркістан облысында батыста, оңтүстікте, солтүстікте жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12 градус, күндіз 12-17 градус жылы. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 25-27 градус жылы.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз солтүстік-шығыста және тауларда екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7°С жылы, батыста және солтүстікте 1-3° аяз, күндіз 20-25°С, тауларда 17°С жылы болады. Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5° жылы, күндіз 21-23° жылы болады.
Батыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 7-12°С, шығыста 4°С, күндіз 15-20°С болады.
Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-17°, солтүстік-шығыста 6° жылы, күндіз 18-23° жылы болады.
Маңғыстау облысында күндіз батыста жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-8° жылы, солтүстік-шығыста 2° аяз, күндіз 12-17° жылы, оңтүстікте 20° жылы болады.
Ақтөбе облысында түнде батыста және солтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, шығыста 3 градус аяз, күндіз 7-12 градус жылы, оңтүстікте 17 градус жылы болады.









