«Қазгидромет» бес қала тұрғындарына ескерту жасады
Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Фото: © istockphoto.com
5 шілде күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты «Қазгидромет» тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.

Фото: © istockphoto.com
5 шілде күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты «Қазгидромет» тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай қалаларда ауа ластануы мүмкін?
Синоптиктердің болжамынша, 5 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мына қалаларда күтіледі:- Орал;
- Ақтөбе;
- Жезқазған;
- Балқаш.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз соғуы немесе мүлде болмауы, тұманның түсуі және ауа қабаттарының инверсиясы сияқты табиғи құбылыстардың жиынтығы.Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
Тұрғындарға қандай кеңес берілді?
«Қазгидромет» тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге кеңес береді.Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.









