Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды

Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды

Фото: Pexels
25 тамыздан бастап Қазақстанда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынды. Бұл туралы Бас прокуратура еске салып, ереже сақтауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді велосипед жолы немесе велосипед жолағы бар болса, электрсамокатпен тек солар арқылы жүру керек. Ал мұндай жолдар болмаған жағдайда самокатпен жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалуға рұқсат етіледі.
Жүріс бөлігінде электрсамокат айдауға 18 жасқа толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш дулығасын пайдаланатын адамдарға ғана рұқсат.
Жаңа талаптар электрсамокатшылар түсетін жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты енгізіліп отыр. Жыл басынан бері самокат жүргізушілерінің кінәсінен 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сонымен қатар электрсамокат жүргізушілерін көлік қағып кеткен 145 жағдай болған.
Жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде самокатты мінбей, жетектеп өту қажет. Сондай-ақ жолаушы тасымалдауға, қозғалыс кезінде рөлді ұстамай телефон пайдалануға және түнгі уақытта жарық шағылыстыратын элементтерсіз жүруге тыйым салынады.
«Электрсамокат жүргізушілерін көлік қағып кетудің 145, мопед жүргізушілерін – 82, шағын электр көлік құралдарын басқарушыларды қағып кетудің 52 дерегі тіркелген. Бұл оқиғалар салдарынан төрт адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алған»,деп келтіретін ведомство өкілі статистиканы.
Сондай-ақ Ата-аналар балаларды ерте жастан бастап жол жүрісі қағидаларына үйретіп, олардың самокаттар мен велосипедтерді пайдалануын бақылауы және заңда тыйым салынған жағдайларда көлік құралдарын басқаруына жол бермеуі тиіс екені айтылған.


25 тамыз 2026 ж. 36 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 69

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31