Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Досхожаевтар отбасы – бірлігі берекеге ұласқан өнегелі әулет

Досхожаевтар отбасы – бірлігі берекеге ұласқан өнегелі әулет

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында Әйтеке би кентіндегі №62 сайлау учаскесінде Досхожаевтар отбасы да өз азаматтық таңдауын жасады.
42 жылдан астам уақыт бойы өмірдің қуанышы мен қиындығын бірге еңсеріп, 4 ұл, 9 қыз тәрбиелеп өсірген Әли Ақмырзаұлы мен Салия Мәдәлиқызы бүгінде үлкен әулеттің ұйытқысына айналып отыр. Көпбалалы ана Салия Мәдәлиқызы аналық еңбегі үшін «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталған.
Досхожаевтар отбасы – үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық көрсетуді, еңбекке адалдық пен елге деген жауапкершілікті өмірлік ұстаным еткен өнегелі шаңырақ.
Жуырда дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңде жүлделі ІІ орынға ие болған отбасыға облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының арнайы дипломы мен 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлығы табысталған болатын.
Бүгін берекелі әулет өкілдерінің Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Берекелі шаңырақтың бірлігі бекем, ұрпағы өнегелі болсын! Досхожаевтар әулетіне амандық, бақ-береке тілейміз!
23 тамыз 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31