Туған күн иесі сайлауда өз таңдауын жасады
Бүгін Қазалы ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылында ерекше күнін атап өтіп жатқан ауыл тұрғыны Тыныгүл Жандосқызы №64 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Туған күнін елдік маңызы зор науқанмен ұштастырып, азаматтық белсенділігін танытқан Тыныгүл апамыз сайлауға қатысып, өз таңдауын білдірді.
Туған күн иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз! Әрбір азаматтың ел болашағына қатысты таңдауы маңызды.
Ғани Мұратбаев ауылында сайлау барысы белсенділікпен жалғасуда













