Тұман түсіп, қатты жаңбыр мен жел күтіледі
Фото: iStockАлматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қ.: 21 тамызда төтенші өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қ.: 21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда күндіз Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлі ауданында екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
21 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында өте қатты жаңбыр күтіледі.
21 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, облыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталағында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда түнде Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстын батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың cолтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
21 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
21 тамызда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
21 тамызда күндіз Қызылорда облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
21 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
21 тамызда Алматы облысының оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 21 тамызда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
21 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.













