Бүгін өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады
Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы +35…+38 °C-қа дейін көтеріледі.
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 17 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда түнде Ақмола облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады
17 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15 м\с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні –15-20 м/с.
17 тамызда Атырау облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
17 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады
17-19 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.













