Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар ит пен мысықтарын чиптеуге міндеттеледі

Қазақстандықтар ит пен мысықтарын чиптеуге міндеттеледі

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда ит пен мысықты есепке қою тәртібі өзгереді. 22 тамыздан бастап үй жануарларын тіркеу кезінде оларға міндетті түрде микрочип орнату талап етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл талаптар Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті бұйрығына енгізілген өзгерістер арқылы бекітілді.
Бұған дейін үй жануарларын тіркеу кезінде олардың түріне қарай әртүрлі сәйкестендіру құралдарын қолдануға болатын. Енді ит пен мысықты есепке қою үшін микрочип орнату міндетті болады. Чиптің нөмірі жануардың тіркеу мәліметтеріне енгізіледі.
Ал басқа үй жануарларына мұндай талап қойылмайды. Оларды сәйкестендіру тәсілін жануар иесі өзі таңдап, қажетті құралды өз қаражатына сатып ала алады. Иттер мен мысықтарды чиптеу жұмыстарын ветеринариялық қызмет көрсетуге рұқсаты бар мамандар мен ұйымдар жүргізеді. Сондай-ақ бұл қызметті жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ұйымдар да көрсете алады.
Жаңа талаптар бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Осылайша, 22 тамыздан бастап иттер мен мысықты есепке қою кезінде микрочиптің болуы міндетті болады.
20 тамыз 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31