Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Фото: depositphotos.com
Қазақстандағы сауда-саттықта доллар 460 теңге деңгейіне дейін төмендеді. Кейінгі аптада америкалық валюта 5 теңгеден аса арзандады. KASE-де 18 тамызда қандай бағам орнағанын Tengrinews.kz хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 460,13 теңге болды. Ұлттық банктің 18 тамызға арналған ресми бағамы бір долларға 461,39 теңге.
Осылайша, 11 тамыздағы сауда қорытындысымен салыстырғанда доллар 5,61 теңгеге - 465,74-тен 460,13 теңгеге дейін арзандады. Бұл шамамен 1,2 пайыз төмендеуді көрсетеді.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – 460,55 теңге;
  • сату – 462,84 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орташа есеппен 458,00 теңге;
  • сату – 465,00 теңге.

Теңгеге не болып жатыр?

Еске сала кетейік, 24 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін төмендетті. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл шешім ұзақ талқылаудан кейін қабылданғанын айтты. Бұл ретте ол мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі инфляция бәсеңдеген жағдайда болуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін Ұлттық банк шілде қорытындысы бойынша ұлттық валюта 1,3 пайызға - долларға шаққанда 473,81 теңгеге дейін нығайғанын хабарлаған болатын. Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы нарыққа қатысушылардың болжамдарына, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуал мен геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.

18 тамыз 2026 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930