Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіз балалық шақ: Қазақстан өңірлерінде балалардың құқығын қорғау күшейтілді

Қауіпсіз балалық шақ: Қазақстан өңірлерінде балалардың құқығын қорғау күшейтілді

Фото: Depositphotos
Басты назар түнгі уақыттағы бақылау мен спирттік ішімдік сатуға тыйым салуға аударылды
ІІМ үшін мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимылдағы басым бағыттардың бірі — кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу, деп хабарлайды Аlmaty.tv Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Осы бағытта 7-8 тамыз аралығында Астана, Шымкент қалалары мен Абай облысының аумағында мақсатты профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау. Басты назар кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтауға аударылды.
Нәтижесінде түнгі уақытта баласының қайда жүргенін бақылауды қамтамасыз етпеген 480-нен астам ата-ана жауапкершілікке тартылды. Іс-шараның тағы бір маңызды бағыты — жасөспірімдерге алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілерінің алдын алу. Осы құқық бұзушылық үшін 28 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. ІІМ бірінші кезекте алдын ала әрекет етуге бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызын атап өтеді. Мәселені уақытылы анықтап, онымен нақты жұмыс жүргізу арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға және баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. ІІМ балалардың қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік екенін атап көрсетеді.
Полиция өзіне жүктелген міндеттерді орындаумен қатар, ата-аналардың да рөлі маңызды екенін еске салады. Ата-аналар баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын, немен айналысатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білуі тиіс. Өз кезегінде полиция кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.


17 тамыз 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31