Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, нөсер жауады: кей өңірде күн 41°С-қа дейін ысиды
Фото: unsplashСиноптиктер алдағы үш күнге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2026 жылғы 18, 19 және 20 тамызда ел аумағында көптен күткен аптап ыстық бәсеңдеп, нөсер жауын жауады. Алайда республиканың бір өңірінде ауа температурасы әдеттен тыс 41°С-қа дейін көтеріледі.
Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы тек Қазақстанның оңтүстігінде сақталады.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. 19-20 тамызда солтүстік облыстарда, ал 20 тамызда Қазақстанның орталығында нөсер жауын жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.Болжам бойынша күндіз ауа температурасы:
- солтүстік облыстарда +17…+22°С-қа дейін;
- орталық және шығыс өңірлерде +18…+30°С-қа дейін төмендейді.
Сондай-ақ күндізгі ауа температурасы:
- Ақтөбе облысында +27…+35°С;
- Қостанай облысында +20…+30°С;
- Қазақстанның оңтүстігінде +30…+37°С;
- республиканың оңтүстік-шығысында +28…+35°С болады.











