Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жөндеу жұмыстары бақылауда

Жөндеу жұмыстары бақылауда

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Жазғы демалыстың соңғы айы да бел ортасына жетіп, ауданда білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары қыза түсті. Әсіресе мектеп ғимараттарын жаңартып, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілуде.
Осыған орай жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бірқатар білім беру нысандарын аралап, ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса мән беріп, жауапты мамандар мен мердігерлерге әр жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтап, орындалу барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Аудан әкімінің жұмыс сапары Ақсуат ауылындағы №100 орта мектептен басталды. Биыл бұл білім ордасының көптен бері өзекті болып келген шатыр мәселесін шешу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 49 миллион теңге бөлінген.
Жөндеу жұмыстарын «СК Ризалит» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының шатырындағы ағаш конструкциялары толық жаңартылып, су ағар жүйесі орнатылған. Алдағы кезеңде шатырдың қаңылтыр жабындысын төсеу жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінде мұндағы жұмыстардың 65 пайызы орындалған.
Мектептегі жөндеу барысымен танысқан аудан әкімі ауылдың ақсақалдарымен де жүздесті. Ел ағалары білім ордасының шатырын жаңарту мәселесі ауыл тұрғындарын бірнеше жылдан бері алаңдатып келгенін айтып, көптен күткен мәселенің шешімін тауып, жөндеу жұмыстарының басталғанына ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімі өз кезегінде білім беру нысандарын жаңғыртудың маңызына тоқталып, мұндай жұмыстардың ең алдымен балалардың қауіпсіздігі мен қолайлы білім алуына жағдай жасауға бағытталғанын айтты.
– Жөндеу жұмыстары тек уақытында аяқталуы жеткіліксіз. Ең бастысы – сапалы орындалуы қажет. Әсіресе мектеп секілді әлеуметтік нысандарда қауіпсіздік талаптарына айрықша мән берілуі тиіс, – деді аудан әкімі.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектепте де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ордасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына биыл 48 миллион теңге қаралған. Бөлінген қаржы есебінен мектептің спорт залы мен асханасының едендері жаңартылмақ. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарды «Qaz General Engineering» ЖШС атқаруда.
Нысанды аралау кезінде аудан әкімі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, мердігерлерге бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, барлық жұмысты 20 тамызға дейін толық аяқтап, нысанды жаңа оқу жылына сапалы әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Айта кетейік, биыл Қазалы ауданындағы бірқатар білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Жанқожа батыр атындағы №70, С.Сейфуллин атындағы №165, Қ.Сәтбаев атындағы №216, Қ.Нұрмаханов атындағы №95, Ақсуат ауылындағы №100 және Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептерінде жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы – аудан әкімдігінің басты назарында. Ал жаңарған мектептер жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашып, білім мен ізденіске жаңа серпін бермек.

А. ЖҮСІПОВА
15 тамыз 2026 ж. 25 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 25

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 19

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31