Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
Сурет ЖИ көмегімен жасалдыДенсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы өлім-жітім 0,8%-ға, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 10,9%-ға, онкологиялық аурулардан болатын өлім 5%-ға азайған.
Ал жеті айдың қорытындысы бойынша ана өлімі 17,5%-ға төмендеді. 100 мың тірі туған балаға шаққандағы көрсеткіш 9,7-ден 8,0-ге түскен.
Нәресте өлімі 5,93 көрсеткішін көрсетті. Бұл жоспарланған 7,3 деңгейінен төмен. Неонаталдық өлім де жоспардан төмен — 3,05.
Профилактика мен ерте диагностика бойынша да көрсеткіштер өскен. Онкологиялық скринингтен өту деңгейі 37,6%-дан 42%-ға дейін артты. Қатерлі ісіктерді ең ерте 0–I сатыларында анықтау үлесі 34,3%-ға жеткен.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім 20,9%-ға азайған.
Министрлік бұл көрсеткіштер оң динамиканы көрсеткенімен, барлық өңірдегі медициналық көмектің сапасы бірдей болуы маңызды екенін атап өтті. Екінші жартыжылдықта негізгі назар ана мен бала денсаулығына, ауруларды ерте анықтауға және өңірлер арасындағы медициналық көрсеткіштер айырмашылығын азайтуға бағытталмақ.










