Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Фото: freepik
2026 жылғы 13 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 465,08 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы да 0,09 теңгеге арзандап, 5,53 теңге деңгейінде тұрақтады.
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 68,94 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464,85-466,73 теңгеден, еуро 533,89-538,72 теңгеден, рубль 5,35-5,49 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
Бейсенбі, 13 тамызда бұған дейінгі сауда сессияларындағы өсімнен кейін мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,50 долларға немесе 0,67%-ға арзандап, барреліне 87,44 долларды құрады. Осылайша, бұған дейінгі алты сауда сессиясында тіркелген өсім қысқарды.
Батыс Техас мұнайының (WTI) бағасы соңғы бес сауда сессиясындағы өсімнен кейін 55 центке немесе 0,66%-ға төмендеп, барреліне 82,72 доллар болды.
13 тамыз күні таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 465,19 теңге, еуроны 536,55 теңге, рубльді 5,61 теңге деңгейінде белгіледі.
13 тамызда күннің бірінші жартысында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын сілтеме арқылы білуге болады.
13 тамыз 2026 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30