Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Қазақтелеком“ Telegram жұмысындағы ақауларды түсіндірді

“Қазақтелеком“ Telegram жұмысындағы ақауларды түсіндірді

Telegram. Фото:depositphotos.com/ melis82
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстандағы пайдаланушыларға Telegram мессенджерінің қолжетімділігі төмендеп, шектеулер байқалғанын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компания мәліметінше, мамандар Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытындағы трафиктің күрт төмендегенін де атап өтті.
Бұл ретте оператордың өз инфрақұрылымында апаттар, техникалық іркілістер немесе басқа да ақаулар анықталған жоқ. "Қазақтелеком" желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Мәселенің себептерін анықтау үшін компания Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдады.
"Қосымша ақпарат Telegram өкілдерінен жауап алынған бойда ұсынылады", - деп хабарлады "Қазақтелеком" өкілдері.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі де мессенджерге қолжетімділікке қатысты мәселелер барын растады.
"Қазіргі уақытта Telegram мессенджерін пайдалануға байланысты жекелеген өтініштер тіркеліп жатыр. Техникалық мамандар жағдайды анықтап жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Ақау себептері әзірге нақтыланбады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақаулар туралы хабарлаған болатын. Сондай-ақ Detector404 мәліметтері де ақау барын растайды.

13 тамыз 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31