Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 109 – сайлаушыларға жедел ақпарат беретін бірыңғай байланыс қызметі

109 – сайлаушыларға жедел ақпарат беретін бірыңғай байланыс қызметі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс орталығы диспетчерлік қызметін бастады.
Сайлау үдерісінің ашық әрі қолжетімді өтуіне азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз ету де маңызды. Осы мақсатта жұмыс істейтін 109 бірыңғай байланыс қызметі әрбір сайлау және референдум науқаны кезінде тұрғындар үшін жедел әрі ыңғайлы коммуникация алаңына айналып келеді.
Қазіргі таңда қызмет төрт ауысыммен ұйымдастырылып, 28 диспетчер азаматтардың сауалдарына жауап беруге дайын. Мамандар Құрылтай сайлауына арналған учаскелердің орналасқан жері, мекенжайы, учаскелік комиссиялардың құрамы және басқа да қажетті ақпараттарды түсіндіреді.
Сонымен қатар 109 қызметі арқылы азаматтар онлайн платформалардың көмегімен өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін де анықтай алады. Бұл, әсіресе, сайлау учаскесінің орналасқан жеріне қатысты сұрақтары бар тұрғындар үшін қолайлы мүмкіндік.
Сайлау күні азаматтардың қажетті ақпаратты алдын ала нақтылап алғаны маңызды. Сондықтан қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда 109 бірыңғай байланыс қызметіне хабарласуға болады.
Өз учаскеңізді алдын ала анықтап, сайлауға белсенді қатысыңыз. Сайлаудан қапы қалмаңыз!
10 тамыз 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31