Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосымша қолдау жүйесі бар: Грантқа ілінбегендер не істейді?

Қосымша қолдау жүйесі бар: Грантқа ілінбегендер не істейді?

ЖИ көмегімен жасалған сурет
Мемлекеттік грант бұйырмаған талапкерлерге тегін оқудың басқа да мүмкіндіктері бар. Грант ала алмаған талапкерлер үшін жоғары білімді тегін алудың басқа да жолдары туралы Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Orda.kz.       
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде елімізде қосымша қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасқан.
«Биыл университеттер 2000-нан астам ректорлық грант бөлді. Тағы 2000-нан астам білім грантын әкімдіктер ұсынды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің мақсатты бағдарламалары, жеке қорлар мен ірі компаниялардың гранттары бар», — деді министр. 
Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыл мектептері, шағын және моноқалалар түлектеріне 350 грант береді. Сондай-ақ KAZENERGY, «Қазатомпром» және басқа да ұйымдар өз білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Тағы бір көпшілік біле бермейтін мүмкіндік бар, мысалы оқуға қабылданғаннан кейін жыл сайын мемлекеттік гранттардың бір бөлігі босап қалады. Сонымен қатар ақылы бөлімде оқуды бастаған, бірақ оқу үлгерімі жоғары студенттер осы бос гранттарға үміткер бола алады.
Саясат Нұрбек мемлекеттік грант ала алмаған талапкерлердің ата-аналарына да кеңес берді:
«Бір ғана конкурс нәтижесін үкімге айналдырмаңыздар. Балаңызбен бірге университеттердің тізімін қарап, қабылдау комиссияларына хабарласыңыздар, ректорлық, өңірлік және корпоративтік гранттар туралы біліңіздер. Басқа мүмкіндіктерді іздеңіздер. Бір тізім баланың арман ауқымын шектемесін», — деді ол. 
Еске салайық, 7 тамыз күні 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлері тізімі жарияланған болатын. Биыл 75 мыңнан астам талапкер Қазақстан жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.


08 тамыз 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31