Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселе жөнінде ой өрбітті

Өзекті мәселе жөнінде ой өрбітті

Сәрсенбінің сәтінде аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті.
Кездесу барысында өскелең ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаларын нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
– «Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына осы бастан жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет», – деген Президентіміздің сөзі бүгінгі қоғам үшін ерекше маңызды. Сондықтан жас ұрпақты білімді, тәрбиелі, елжанды азамат етіп қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағытта ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді, – деді аудан әкімі.
Кездесу барысында аудан басшысы Президенттің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауданда жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы атап өтті. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, шығармашылық пен спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жаңа әлеуметтік және спорттық нысандар салу, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.
Өз кезегінде Нұрлан Байжігітұлы жастардың тәрбиесінде отбасы, білім беру ұйымдары, қоғам және дін өкілдерінің өзара бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталып, жастардың рухани дүниесін байыту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жат ағымдардың алдын алу бағытында ой-пікірлерімен бөлісті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
08 тамыз 2026 ж. 17 0

Облыстан бұйырған олжа

08 тамыз 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31