Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Аптап ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

istockphoto
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, найзағай, бұршақ, қатты жел, тұман және шаңды дауыл болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ең жоғары ауа температурасы Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында +40°C-қа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы және Жетісу облыстарында күндіз +35...+38°C аралығында қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда облысында аптап ыстықпен қатар шаңды дауыл болжанып отыр. Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында өрт қаупінің деңгейі өте жоғары болады.

Тұрғындарға аптап ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.


07 тамыз 2026 ж. 25 0

7 тамызға валюта бағамы

07 тамыз 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31