Дауыл, бұршақ: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto«Қазгидромет» бүгін, 7 шілдеде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, Астана, Алматы және еліміздің барлық 17 облысында найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауылды жел, аптап ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады. Маңғыстау облысында ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілсе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында +40 градусқа дейін ыстық болады. Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қостанай, Жетісу және Абай облыстарының кейбір аудандарында +35…+37 градус ыстық күтіледі.










